Қазақстандық команда Мозамбик ойыншысымен келісімшарт жасады

Сурет "Шахтер" сайтынан алынды.

"Ақжайық" командасы "Шахтер" мен "Қайсар" командаларының бұрынғы ойыншысын сатып алуға ниетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

31 жастағы Мозамбик құрамасының шабуылшысы Режинальдо Артур Файфе маусым соңына дейін "Ақжайық" командасында ойнауға келісіпті. Шабуылшы Қазақстан аймағына келуге рұқсат алған сәтте оралдық команданың қатарына қосылады. 

Режинальдо Қазақстан біріншілігінде екі командада ойнаған. Тарқатып айтсақ, 2019 жылы ол "Шахтер" сапында 17 ойын өткізіп, үш гол соққан. Ал өткен маусымда "Қайсар" сапында болып, 17 кездесуде екі гол ұрған. 

Содан соң шабуылшы Солтүстік Македонияның "Шкупи" командасына ауысқан еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар