КПЛ
11 мамыр 2021 16:38
 

Қазақстандық команда Еуропа чемпионатында ойнаған жартылай қорғаушыны қатарына қосты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық команда Еуропа чемпионатында ойнаған жартылай қорғаушыны қатарына қосты Сурет "Қызыл-Жар" сайтынан алынды.

Сербиялық жартылай қорғаушы Неманья Обрадович қазақстандық "Қызыл-Жар" командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

blog.share

Сербиялық жартылай қорғаушы Неманья Обрадович қазақстандық "Қызыл-Жар" командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

31 жастағы ойыншымен клуб трансферлік терезенің соңғы күнінде келісімшарт жасады. Ол командаға қосылып үлгерді. 

Обрадович сербиялық "Рад" клубының түлегі. Сондай-ақ футболшы македониялық "Победа", сербиялық "Вождовац", "Чукарички", "Спартак Суботица", грекиялық "Керкира", "Ламия" және "Ахарнекос", украиналық "Сталь" мен финляндиялық "Хонка" командаларында өнер көрсеткен. Форвардтың соңғы клубы грекиялық "Аполлон" болды

Неманья Сербия чемпионатында 120 матч өткізіп, 25 гол соққан. Ол Сербия жастар құрамасында бір матчқа қатысқан.

Обрадович грузин шабуылшысы Романи Чантурияның орнына шақырылды, "Қызыл-Жар" сәуір айында бұл ойыншымен келісім-шартты бұзған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін петропавлдық ұжым "Астананың" шабуылшысы Семир Смаилагичті жалға алғысы келген еді.

Жарнама

Живи спортом!