ҚПЛ
19 шілде 2021 18:31

Қазақстандық команда "Боруссия" тәлімгерімен келісімге келе алмады

Сурет: "Дордой"©

Футболдан Қырғызстан құрамасы мен "Дордой" командасының қорғаушысы Александр Мищенко "Тұран" сапынан кетті. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлап отыр. 

Түркістандық команда қорғаушыны бақылаудан өткізген. Бірақ кейін әуелгі айтылған келісімнің шарттарын өзгерткен. Сол үшін де Мищенко карьерасын Қырғызстанда жалғастыратын болып шешкен. 

23 жастағы Мищенко футбол әліппесін Германия жерінде үйренген. Ол "ТШК Ойскирхен", "Боннер ШК", "Боруссия" (Менхенгладбах) секілді ұжымдардың жастар командасында ойнаған. 

2019 жылдың ақпан айында ол Қырғызстан елінің азаматтығын алып, ұлттық құрамаға шақырту ала бастады.