КПЛ
25 маусым 2020 22:59

Қазақстандық клубтың бұрыншы футболшысы Сербия кубогін жеңіп алды

Сурет "Войводина" сайтының ресми сайтынан алынды.
Семейлік "Спартактың" бұрынғы футболшысы Неманья Чович "Войводина" құрамында Сербия кубогін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz. Финалдық кездесу оның командасы "Партизанды" жеңді. 


Ойынның негізгі уақытты 2:2 есебімен тең аяқталды. Матч барысында Човичтің клуб 2:0 есебімен жеңіп тұрған. Бірақ, "Партизан" футболшылары 80 және 96 минутта гол соғып, есепті теңестірді. Сөйтіп, матч қосымша уақытта жалғасты. Ал Чович болса кездесудің 82 минутында алаңнан кетті. 

Кездесудің қосымша уақытында екі команда гол соға алмады. Сөйтіп, пенальти болды. Он бір метрлік айып добының қорытындысы бойынша "Войводина" футболшылары 4:2 есебімен жеңіске жетті. 



Қазақстан біріншілігінде Чович 2014 жылғы маусымда тоғыз кездесуге қатысып, үш гол соққан.