2012 жылдан бері Газизов "Уфа" командасында жұмыс істеп, үшінші дивизионнан Ресейдік премьер лигасына, содан соң Еуропа лигасына жолдама алды. Оның бастамасымен клуб трансферлік нарықта да жақсы жұмыс істеді. "Чемпионат" мәліметі бойынша, "Уфа" сатқан жеті футболшы командаға 19,8 миллион алып келген. Ол ойыншыларға бар болғаны 669 мың жұмсаған.
Газизовтың кезінде "Уфа" командасы қазақстандық футболшыны сатып алып еді. Нақтырақ айтсақ, 2018 жылы бұл команда "Тараздың" футболшысы Еркебұлан Сейдіахметті алып, 2019 жылы "Қайратқа" 300 мыңға сатты.
Мәскеулік клуб сапында Газизов Томас Цорнның орнын басады.