КПЛ
10 қараша 2020 15:38

Қазақстандық клуб құрамынан легионердің кеткенін хабарлады

Сурет "Қызыл-Жар" сайтынан алынды.
"Қызыл-Жар СК" командасының литвалық легионері Витаутас Андрюшкявичюс командадан кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Легионер келісімшарт аяқталуына байланысты командадан кеткен. 

Андрюшкявичюс "Қызыл-Жар" командасы сапында ақпан айында қосылды. Сөйтіп ол Қазақстан біріншілігінде он кездесу өткізді. 

Орталық қорғаушы бұған дейін қостанайлық "Тобыл" командасы сапында өнер көрсетті.