Қазақстандық клуб аргентиналық футболшымен келісімшарт жасады

Пабло Подио. Сурет: aimg.sk©
Петропавлдық "Қызыл-Жар СК" командасы 30 жастағы аргентиналық футболшы Пабло Подиомен келісімшарт жасады,- деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Футболшы карьерасын отанында "Плайоса" деген командада бастаған. 2008 жылы Еуропаға қоныс аударып, словакиялық "Шпорт" командасының намысын қорғаған. Бұл командада сәтті ойнап ол 2013 жылы чехиялық "Фастав" командасына ауысады. Чехиялық клубпен ол Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ойнады. Содан соң 2019 жылы әзірбайжандық "Кешля" командасының намысын қорғап, кейін "Ертіске" ауысты. 

Еске салайық, Подиода Аргентина, Италия және Словакия елдерінің азаматтығы бар. Қазақстан біріншілігіне ол Италия азаматы ретінде тіркелген. 




Метки:
Жаңалықтар