Қазақстандық футболшы "Ростовтың" Ресей біріншілігіндегі келесі матчіне қатыса алады

Сурет: "Ростов" ФК
Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсететін "Ростов" футбол клубы тулалық "Арсенал" клубына қарсы негізгі құрамда ойнайды, деп хабарлайды "Матч ТВ".

Ертең, яғни 27 маусым күні өтетін кездесуге вирусқа тапсырған тесттері оң шыққан футболшылар қатыса алады. Олардың ішінде қазақстандық футболшы да бар. 

Еске салайық, бұған дейін бұл команданың алты бірдей ойыншысы вирус жұқтырып алған еді. Осыған байланысты клуб 23 турда "Сочиге" қарсы ойынға жас ойыншыларын жіберіп, 1:10 есебімен жеңіліп қалып еді.

Ал осы уақытқа дейін "Арсенал" командасының бірде-бір ойыншысы вирус жұқтырған жоқ. 

"Ростов" пен "Арсенал" арасындағы кездесу 27 маусым күні "Ростов Арена" стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. 

22 жастағы Зейнутдинов биылғы маусымда Ресей біріншілігінде 12 кездесуге қатысып, үш гол және екі нәтижелі пас берді. 


Жаңалықтар