КПЛ
24 шілде 2020 14:59

Қазақстандық футболшы Финляндия біріншілігінде алаң ортасынан гол салды

Сурет: vk.com. Zhan Bulatkulov

Футболдан Финлядияның үшінші лигасында өнер көрсететін 25 жастағы Жан Болатқұлов алаң ортасынан гол соқты, деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет Телеграмм каналында. 

Болатқұлов Edustus командасының сапында PeKa командасына қарсы өткен кездесудің сегізінші минутында гол соғып, есепті ашты. Бірақ оның командасы 2:5 есебімен ұтылып қалды. 

"25 жастағы Жан Болатқұлов елімізде "Ақ Бұлақ", "Екібастұз" және "Лашын" секілді командаларда ойнады. Бірақ ол ҚПЛ-де ойнай алмады. Содан соң Финляндияға кетіп қалды. Осымен үшінші жыл ол Финляндияның үшінші лигасында ойнап жатыр. Ол екінші лигада өнер көрсететін командадан ұсыныс алыпты", - деп жазды Қожахмет.