КПЛ
2 қараша 2020 15:50

Қазақстандық футболшы еуропалық клуб сапындағы бірінші голын соқты

Сурет "Спартак" командасының сайтынан алынды.

Қазақстандық шабуылшы Самат Сәрсенов латвиялық "Спартак" командасы сапындағы бірінші голын соқты,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

24 жастағы шабуылшы Латвия чемпионатында "Тукумс" командасына қарсы кездесудің сегізінші минуттында көзге түсті. 

Бұл Сәрсенов үшін "Спартак" сапында өткізген төртінші кездесуі болатын. Ол бұған дейін бір нәтижелі пас берген еді. 

"Спартак" сапында Сәрсенов қыркүйек айының басында "Валмиера" командасынан ауысып келді. "Валмериа" сапында қазақстандық футболшы тоғыз кездесу өткізіп, екі гол соққан. Бірақ бас бапкермен жанжалдасып, шабуылшы командадан кетті. 

Ал Қазақстан біріншілігінде ол "Қайрат" және "Тараз" командаларында өнер көрсетті. Ресейде дүниеге келген этникалық қазақ "Орынбор" және Қазақстан жастар құрамасы сапында да ойнаған.