"Жігіттер ауырып, температурамен жатыр. Оларда коронавирус жоқ болмаса белгісіз. Кейбіреулерінде симптом бар", - деп жазды Қожахмет.
Айта кетейік, 3 шілде күні Қазақстан біріншілігі қайта тоқтап қалды. Оған 5 шілде күні коронавирусқа байланысты Қазақстанда енгізілген карантин себеп болды.
1 шілде күні "Жетісу" Алматы қаласында "Қайратпен" кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл талдықорғандық команданың бірінші жеңілісі еді. Оған дейін бұл команда "Каспий" (2:0) ұжымын жеңіп, "Тобылмен" (0:0) тең ойнады.