"Академия Оңтүстік" командасында бапкердің жүрегі ауыратынын растады. Карантин кезінде бапкер Алматыға емделуге кеткен. Жұмысын қашықтықтан істепті.
Бірақ клубта бапкердің коронавируспен ауырып қойғаны туралы ақпаратты растамады. "Ол командамен бірге тест тапсыруға барған. Барлығының тестінен вирус шықпады", - дейді академия өкілдері "Sputnik Казахстан" порталына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Касабоглян 2006 жылы "Арарат" командасында ойнаған. Карьерасын аяқтағаннан кейін ол бапкерлік қызметке көшіп, Қазақстанда жұмыс істеген.
Ол "Академия Оңтүстік" командасының тізгінін қыста ұстаған еді. Оған дейін "Пюник" командасының тәлімгері отанында және Қазақстанда жасөспірімдердің бапкері болған. Сондай-ақ, ол 15 жасқа дейінгі Армения құрамасының бас бапкері болды.
"Академия Оңтүстікте" ойнайтын бірінші лига 4 сәуір басталуы керек еді. Бірақ коронавирус індетіне байланысты кейінге шегерілді.