Індетке байланысты үзіліс кезінде болгариялық бапкер үйіне қайтып кеткен болатын. Енді ол Қазақстанға қайтып келгенде қиын жағдайға тап болып отыр. Бапкерді Қазақстанға кіргізбей жатыр. Өйткені, бапкердің Қазақстанға кіруге нақты себебі жоқ екен.
Младенов пен көмекшісі және тағы бір футболшы кеше (24 маусым) таңғы 6-да Алматыға ұшып келіп, әлі әуежайда отыр. Бүгін түстен кейін, 17:55-те Air Astana рейсімен оны Стамбулға депортация жасайды.
Бұған дейін Младенов пен оның көмекшілерін жұмыс орнында болмағандары үшін қызметінен қуып жіберуі мүмкін деген ақпарат шыққан еді.