Қазақстандық бірнеше футбол командаларын жаттықтырған бапкер қайтыс болды

Александр Шатских. Сурет: kazfootball.kz

47 жасқа ауған тұсында танымал футболшы Александр Шатских өмірден озды,- деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Талдықорған футбол мектебінің тәлімгері футболшы ретінде "Жетісу", новосібірлік "Чкаловец", "Қайрат-ЦСКА", "Есіл-Богатырь", "Мегаспорт" елордалық "Жеңіс" және "Локомотив" командаларында өнер көрсеткен. Жалпы ол Қазақстан біріншілігінде 272 кездесуге қатысып, 96 гол соққан. 

Бас бапкер ретінде Шатских "Локомотив", "Жетісу" және "Қайрат" командаларында жұмыс істеген. Өткен маусымда ол "Тараз" командасын жаттықтырды. Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясында да қызмет атқарған. 

Осы орайда Vesti.kz порталы футболшының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. 




 

Метки:
Жаңалықтар