КПЛ
5 тамыз 2020 18:01
 
Қазақстанда ойнайтын футболшы еуропалық чемпионаттын ең сәтсіз трансферінің қатарына қосылды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанда ойнайтын футболшы еуропалық чемпионаттын ең сәтсіз трансферінің қатарына қосылды Александр Колев (№7). Сурет "Қайсар" сапынан алынды.

"Қайсардың" намысын қорғайтын болгариялық Александр Колев Польша біріншілігінің ең нашар трансферлерінің қатарына қосылды. Қызылордалық командаға ауысарға дейін ол польшалық "Ракув" командасының намысын қорғаған еді. 

"Польшада ол "Сандецья" сапында жақсы ойнады. Содан соң "Арка" мен "Ракувқа" ауысты. Соңғы командасы сапында ол бар болғаны алты кездесуге қатысты. Бірақ оны команданың негізгі сұрмергені Себастьян Муселикудың орнын басады деп сатып алған еді. Қыста оның Қазақстанға кетіп қалғаны жақсы болды", - деп жазады 2x45.info басылымы. 

Тағы бір айта кетейтін жәйт, 27 жастағы болгариялық футболшы жуырда "Ракувтың" соңғы он жылдағы ең нашар деген 11 футболшысының қатарына қосылды. Қыста бұл футболшы "Қайсарға" ауысып, маусым соңына дейін келісімшарт жасаған болатын. 

2016 жылы Колевке "Атырау" қызығушылық білдірген еді. Бірақ ол кезде шабуылшы Қазақстанға келуден бас тартты. 

Жалпы шабуылшы карьерасында болгариялық "Ботев", "Берое", бельгиялық "Вербрудеринг Гел" және "Дессель Спорт" командаларында ойнаған. 

Биыл ол "Қайсар" сапында төрт кездесуге қатысып, бірде-бір нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ. 

Жарнама

Живи спортом!