Қазақстан Қырғызстан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізбейді

Сурет: ҚФФ
Күні кеше БАҚ беттерінде Қазақстанның 24 наурыз күні Қырғызстан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізетіні туралы ақпараттар пайда болған еді. Бірақ бұл ақпараттар шындыққа жанаспайды.

Айта кетейік, 28 наурыз күні елдің негізгі құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Францияны қабылдайды, ал 31 наурызда Украинамен сырт алаңда күш сынасады.

Одан бөлек, Қазақстан құрамасының қараша айында Грузия құрамасымен жолдастық кездесу өткізетіні туралы хабарланған еді. Бұл матчтың да өту-өтпеуі әлі белгісіз.
Метки:
Жаңалықтар