Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин Ресей чемпионатындағы бірінші голын соқты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Шабуылшы волгоградтық "Ротор" командасының грозныйлық "Ахматқа" қарсы кездесуінде алғашқы голын соқты. Бұл матчтің 23-минутында тіркелді.
Бұл Қазақстан құрамасы шабуылшысы үшін "Ротор" сапындағы Ресей чемпионатындағы бірінші голы еді. Айта кетейік, "Ротор" командасында тағы бір қазақстандық ойыншы Дмитрий Шомко өнер көрсетеді. Ал "Ахмат" командасы сапында Марат Быстров ойнайды. Бірақ соңғы екі ойыншы жарақатына байланысты бұл кездесуге қатыспады.