Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ресей чемпионатындағы командасына оралды
Сурет "Ротор" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин карьерасын "Ротор" командасында жалғастыра береді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин карьерасын "Ротор" командасында жалғастыра береді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
Инсайдердің ақпараты бойынша, бүгін, 13 шілдеде Щеткин Мәскеу қаласында медициналық тексерістен өтеді. Ал ертең Волгоградқа ұшып, келісімшарт жасайды.
Еске салайық, "Ротор" өткен маусымның қорытындысы бойынша Ресей біріншілігінен шығып қалды. Ал Щеткинде Өзбекстаннан ұсыныс бар деген ақпарат шықты. Бірақ шабуылшы бұл ұсыныстан бас тартты.
Жарнама