Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Астанадан" кетуі мүмкін

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Муртазаев "Астанадан" кетуі мүмкін. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, шабуылшының ойынына бас бапкер Андрей Тихоновтың көңілі толмайды екен. 

"Роман Муртазаев "Астанадан" кетуі мүмкін. Себебі команданың бас бапкері оған көңілі толмайды. Ал шабуылшы өз кезегінде аз ойнайтынына наразы. Қазір Романның агенттері жаңа командаларды қарастырып жатыр", - деп жазады дереккөз. 

Айта кетейік, Муртазаев "Астана" командасына "Тобыл" сапында бір маусым ойнағаннан кейін қайта келді. Биыл ол Қазақстан чемпионатында 18 ойынға қатысып, төрт гол соғып, екі голдық бас берді. 

Еске салайық, бұған дейін елордалық командадан Армения құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян және босниялық шабуылшы Семир Смайлагич кеткен еді. Енді алдағы уақытта Тигран Барсегян да кетуі ықтимал. 

Метки:
Жаңалықтар