КПЛ
12 шілде 2021 21:41
 

Қазақстан құрамасының Ресейде ойнаған футболшысы ҚПЛ-ге оралады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының Ресейде ойнаған футболшысы ҚПЛ-ге оралады Сурет: ҚФФ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов алдағы уақытта "Ақтөбе" сапына қосылады. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады. 

blog.share

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов алдағы уақытта "Ақтөбе" сапына қосылады. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады. 

2020 жылдың тамызынан бері Оразов Ресейдің екінші біріншілігінде "Чайка" командасында ойнады. Бұл клуб сапында ол 12 кездесуге қатысып, екі голдық пас берді. Песчанокопск қаласының ұжымы маусымда командадан кеткенін хабарлады. Содан бері жартылай қорғаушы командасыз жүрді. 

Енді ол "Ақтөбе" сапына ауысуы мүмкін. Қазір келіссөз жүріп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін "Ақтөбе" Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко және Заза Цицкишвилиді қатарына қосқан болатын. Ал сенбіде Темірлен Ерланов келісімшарт жасайды. Содан соң 23 жастағы Оразов та келуі керек. 

Оразов - "Қайрат" командасының түлегі. Ол латвиялық "Даугавпилс" командасында да ойнаған. Әлем біріншілігіне іріктеу кезеңінде Украина құрамасына қарсы кездесуде (1:1) құрама сапындағы бірінші кездесуін өткізген.

Жарнама

Живи спортом!