Қазақстан құрамасының қорғаушысы "Тараз" сапына ауысты

Сурет "Тараз" сайтынан алынды.

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов "Тараз" сапына ауысты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Досмағамбетов - Көкшетау футбол мектебінің тәлімгері. Ол карьерасын 2007 жылы "Ақсу" командасында бастаған. Сонымен қатар, "Оқжетпес", "Ақтөбе", "Восток", "Тараз", "Тобыл" командаларының намысын қорғаған. 

32 жастағы футболшының соңғы командасы "Ордабасы" болған еді. Бірақ шымкенттік клубтан ол қаржылық қиындықтарға байланысты кеткен. 

Тимур Досмағамбетов 2015 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып келеді. 

 

Метки:
Жаңалықтар