Қазақстан құрамасының қорғаушысы маусым алдында команда ауыстырды

Автор:
Бекзад Шадманов сол жақта. Сурте: ФК "Қайсар"

23 жастағы қазақстандық қорғаушы Бекзат Шадманов "Қайсардың" оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Футболшы қырғызстандық "Дордой" клубымен болған жолдастық кездесуге қатысты (6:3). Бұған дейін Шадмановтың "Тараздан" кетуге жақын екенін хабарлаған болатынбыз.

Жамбыл футболының тәрбиеленушісі кәсіби мансабын 2017 жылы бастаған. Премьер-лигадағы алғашқы кездесуін "Атырауға" қарсы матчта өткізді (1:2). Шадманов өткен маусымда "Тараз" сапында 16 матчқа қатысты. 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстан жастар құрамасына шақыртылып, 3 матчқа қатысты.

Бекзат жалпы "Тараз" жейдесінде 94 матч өткізіп, 2 гол соққан.

Метки:
Жаңалықтар