Қазақстан құрамасының футболшысы ресейлік командаға ауысуға жақын

Сурет "Қайрат" клубының сайтынан алынды.
Еркебұлан Тұңғышбаев "Рубин" клубына ауысуға жақын.

Қазақстандық және ресейлік клубтар арасындағы келісім осы аптада рәсімделуі мүмкін. Тұңғышбаевтың "Қайратпен" қазіргі келісімшарты 2021 жылдың соңына дейін есептелген. Transfermarkt 25 жастағы футболшының трансферлік құнын 650 мың еуроға бағалап отыр. ⠀

Бір қызығы, Тұңғышбаев биыл Түркиядағы қысқы оқу-жаттығу жиынында "Рубинге" қарсы ойнады. Сол ойында "Қайрат" 3:2 есебімен жеңіске жетті. ⠀

Бұрын "Рубин" Қазақстан құрамасының басқа ойыншыларын, оның ішінде Бауыржан Исламхан мен Роман Муртазаевты қарастырғаны белгілі. Ресей құрамасының экс-жаттықтырушысы Леонид Слуцкий басқарған "Рубин" клубы Премьер-Лиганың аяқталған маусымында оныншы орынға ие болды. ⠀

Айта кетейік, осы маусымда Тұңғышбаев "Қайрат" сапында үш ресми матч өткізді.
Метки:
Жаңалықтар