Қазақстан құрамасының футболшысы "Ақтөбе" сапына ауысты

Сурет "Ақтөбе" сайтынан алынды.

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Ақтөбе" сапына ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Рамазан алматылық "Қайрат" командасы академиясының тәлімгері. Бұл команданың сапында ол 2018 жылы Қазақстан кубогін жеңіп алды. 

Ал 2020 жылдың басында Оразов латвиялық "Даугавпилс" клубына ауысты. Ал сол жылдың жазында ресейлік "Чайка" қатарына қосылды. Бұл клуб сапында ол 12 кездесуге қатысып, екі голдық пас берді. Песчанокопск қаласының ұжымы маусымда командадан кеткенін хабарлады. Содан бері жартылай қорғаушы командасыз жүрді. 

Айта кетейік, бұған дейін "Ақтөбе" Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко және Заза Цицкишвилиді қатарына қосқан болатын. Ал сенбіде Темірлен Ерланов келісімшарт жасайды.

Метки:
Жаңалықтар