Павлодарлық "Ертіс" пен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов "Ақсу" командасының спорт директоры болып тағайындалды,- деп хабарлайды KazFootball.kz.
"Ертістің" ел біріншілігінен шығып қалғаннан кейін "Ақсу" командасына көңіл бөлініп жатыр. Қазір ол Екінші лигада ойнайды. Команданың алдына алдағы үш жылда Премьер-лигаға шығу деген тапсырма қойылған.
Командада Юрий Мишутинді қақпашылардың бас бапкері етіп тағайындаған. Ал Марат Еслямовты физикалық дайындық бапкері қызметіне бекіткен.
Сондай-ақ "Ақсу" Александр Балаев , Павел Шабалин, Аскар Ажикенов, Игорь Демешко, Никита Калмыков, Артем Попов, Константин Заречный, Михаил Голубничий, Рахман Маруа, Санжар Айтым және Батыр Құдайбердинов секілді ойыншылармен келісімшарт жазған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жарнама