КПЛ
10 шілде 2020 13:48

Қазақстан құрамасына үміткер футболшы карантиннен кейін неге Ресейге оралмағанын түсіндірді

https://vesti.kz/footballrus/282627/
Тулалық "Арсенал" клубының қорғаушысы Роберт Бауэр не үшін карантиннен кейін Ресейге оралмағанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".


1 сәуір күні клуб футболшының көпбала әке атанғанын хабарлаған болатын. Бауэрдің жұбайы үшінші қызын дүниеге алып келіп, Әлия деген есімді берген еді. 

Наурыз айында Ресей біріншілігін тоқтап қалған кезде қорғаушы Германияға қайтып кетті. Ресей чемпионаты 19 маусым күні қайта басталды. Бірақ ол әлі "Арсеналдың" қатарына қайта келген жоқ. 

"Құрметті жанкүйерлер, қазір болып жатқан жағдай мен үшін де оңай емес. Отбасылық жағдайыма байланысты Тулаға мен жалғыз келе алмаймын. Қазір бұл мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатырмын. Проблемма шешілсе, отбасыммен бірге Ресейге барамын", - деп жазды Бауэр Instagram парақшасында. 

"Арсенал" сапына Бауэр өткен жылдың тамыз айында ауысты. Биылғы маусымда ол Ресей біріншілінде 14 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Оған дейін қорғаушы "Нюрнберг", "Вердер" және  "Ингольштадт" командаларының намысын қорғаған. 

Айта кетейік, Бауэр 1994 жылы Қазақстаннан Германияға қоныс аударған эмиграттардың ұлы, 2015 жылы футболшыны Еуро - 2016 турнирі аясында Түркия құрамасына қарсы кездесуга қатысу үшін Қазақстан құрамасына шақыртқан. Бірақ Бауэр ол кезде ұсыныстан бас тартты.