Қазақстан құрамасы мен Грузия құрамасының ойыншылары "Қайсарға" жеңіс сыйлады

Асхат Тағыберген. Сурет "Қайсар" сайтынан алынды.
Қызылордалық "Қайсар" Премьер-лиганың 14-турында Қарағандылық "Шахтерді" еш қиындықсыз жеңді. Матч Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы голды 36-минутта "Қайсар" клубының капитаны Асхат Тағыберген Лобжанидзенің пасынан кейін соқты. Ал 55-минутта Лобжанидзенің өзі гол соқты.



"Қайсар" осы жеңістің арқасында 20 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. Ал Қарағандылық ұжым 16 ұпаймен алтыншы орнын сақтап қалды.
Метки:
Жаңалықтар