Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы капитаны армениялық клубқа ауысты

Сурет "Жетісу" сайтынан алынды.
Қазақстандық футбол Тимур Рудосельский карьерасын "Лори" командасында жалғастырады. Бұл туралы армениялық клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Өткен маусымда "Лори" командасы 10 ұжымның ішінен екінші орын алған еді. Арменияның жаңа маусымы 14 тамызда басталып кетті. 



25 жастағы Рудосельский көктемде Беларусь біріншілігінде өнер көрсететін "Смолевичи" командасымен алдын-ала келісімшарт жазып қойып еді. Бірақ бұл трансфер карантинге байланысты үзіліп қалды. Оған дейін қорғаушы Түркияда Бірінші лигада ойнайтын "Ақтөбе" командасымен жаттығу жиындарын өткізді. 

Рудосельский карьерасын "Қайрат" сапында бастаған. Алматылық команда намысын ол 2014 және 2017 жылдар аралығында қорғады. 2018 жылы ол "Жетісу" сапына ауысып, кейін Израиль біріншілігінде Петах-Тиква қаласының намысын қорғайтын "Хапоэль" командасында ойнады. 

Өткен маусымды қорғаушы "Оқжетпес" сапында өткізді. Көкшетаулық команда сапында ол ҚПЛ-де 11 кездесуге қатысып, бір гол соққан. 

Рудосельский футболдан Қазақстан жастар құрамасында ойнап, капитан болған. 



Метки:
Жаңалықтар