Қазақстан біріншілігінің басталатын уақыты тағы да кейінге шегерілді

Сурет "Астана" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан чемпионаты 18 тамыз күні басталмайды,- деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет телеграмм каналында. 

Оның ақпараты бойынша, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы басшылары барлық клубтарға ҚР басшыларынан матчтарды өткізе беруге рұқсат ала алмағанын хабарлаған. 

Кеше, 13 тамыз күні мемлекеттік комиссия елімізде 17 тамыздан бастап кезең-кезеңімен карантин шектеулерін алып тастайтынын айтты. Бірақ әлі де болса спорттық шараларды өткізуге тыйым салынған. Сондықтан матчтар жуық арада өтпейтін секілді. 

Ел біріншілігінің екі туры наурыз айында өткен еді. Ал үшінші тур 1 шілде күні өтіп, тағы тоқтап қалды. Себебі, 3 тамыздан бастап Қазақстанда қайтадан карантин басталып кетті. 



Метки:
Жаңалықтар