КПЛ
26 қаңтар 2021 16:18

Қазақстан біріншілігіне биыл қосылатын "Арыс" клубының атауы өзгерді

Сурет "Арыс" сайтынан.
Қазақстан Премьер-лигасында Түркістан облысының намысын қорғайтын "Арыс" клубының атауы "Тұран" болып өзгертілді.

"Арыс" 2002 жылы "Костуин" деп аталатын әуесқой клуб ретінде құрылды. 2003 жылы ол кәсіпқой клуб мәртебесін алды, ал 2004 жылы команданың атауы "Арыс" болып өзгертілді, бірақ маусым соңында команда таратылып кетті. 2018 жылы "Арыс" қайта тіріліп, 2019 жылғы маусымда Бірінші лигаға жолдама алды.

Енді клуб өз тарихында алғаш рет Премьер-лигада өнер көрсетеді. Команданың бас жаттықтырушысы - қазақстандық маман Абдухалик Бөрібаев. Оның бапкерлік штабына Фархадбек Ирисметов, Юрий Новиков және Күлдош Ешджанов кірді.