Қазақстан біріншілігіндегі қақпашы Сауд арабиялық командаға ауысуы мүмкін

Сурет "Каспий" сайтынан алынды

Ақтаулық "Каспий" командасының қақпашысы Марко Милошевич Сауд Арабия біріншілігінде өнер көрсететін "Аль-Фейха" клубына ауысуы мүмкін. 

Sport.blic.rs басылымының ақпараты бойынша, бұл команда жуырда Вук Рашовичті бас бапкерлік қызметке тағайындады. Сербиялық маман жаңа командасына бірінші болып Милошевичті шақыруға ниетті екен. 

30 жастағы қақпашы келесі айда командадан кетуі ықтимал. 

Айта кетейік, Марко Милошевич "Каспий" сапына 2020 жылы ауысқан болатын. Биыл ол Қазақстан біріншілігінде 17 кездесу өткізді. 

Метки:
Жаңалықтар