КПЛ
22 қаңтар 2018 12:36
 
Қазақстан азаматтығын алған ресейлік футболшы "Ақжайыққа" өтуі ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан азаматтығын алған ресейлік футболшы "Ақжайыққа" өтуі ықтимал Марат Бутуев (сол жақта). © "Тобыл" ФК

Ресейлік қорғаушы Марат Бутуев оралдық "Ақжайық" командасынан ұсыныс алуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оралдық клуб 25 жастағы футболшымен келісімшарт жасасуға дайын, алайда бұл жерде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының позициясына байланысты шешім шығарылады. Бутуев Қазақстан азаматы ретінде 2014 жылы қазақстандық премьер-лигада "Атырау" үшін өнер көрсетті. Алайда ол "Спартак" (Владикавказға) өтіп, ары қарай грузиялық "Цхинвали" клубына ауысқан еді. 

Сондай-ақ, ол армениялық "Алашакерт" клубында да бағын сынап көрд, бірақ бұл команда үшін ол тек екі-ақ ойын өткізді. Қорғаушы осыған дейін Ресейдің екінші дивизионындағы "Коломон" үшін өнер көрсеткен. Айта кетейік, барлық клубтарға ауысар кезде ол ресейлік азамат ретінде тіркелген. 

"Ақжайық" командасының бас бапкері Владимир Мазяр Қазақстанда өнер көрсетіп жүрген қорғаушылардың деңгейіне көңілі толмайтынын жасырмады. Украиналық маман Владислав Кузьмин, Әлібек Сәкенов және Руслан Хаировты үйіне қайтарып үлгерді. Егер Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Бутуевқа қазақстандық футболшы ретінде өнер көрсетуіне рұқсат берген жағдайда ол"Ақжайықпен" келісімшартқа отырады. 

Жарнама

Живи спортом!