"Қайсарға" жаңа футболшыларды тіркеуге рұқсат берілді
Сурет "Қайсар" сайтынан алынды.
"Қайсардан" трансферлік шектеу алынып тасталды,- деп хабарлады қызылордалық клубтың баспасөз қызметі.
"Қайсардың" экс-футболшысы Иван Пешичтың арыз талабына сәйкес ФИФА-ның дауларды қарастыру палатасы қызылордалық клубқа уақытша трансферлік шектеу қойған болатын. Алайда Швейцарияның Лозанна қаласындағы CAS халықаралық қауымдастығы "Қайсар" футбол клубының апелляциялық шешімін қанағаттандырып, команда трансфер уақытында ойыншыларды алу және тіркеу құқығына ие болды.
Еске салайық, "Қайсар" Иван Пешичке 45 миллион теңге төлеуі керек. Бұған басты себеп - "Қайсардың" ойыншымен келісімшартты біржақты бұзуы. Осы ақшаны төлеу мақсатында команданың қазіргі ойыншылары үш ай бойы жалақы алмауға келісті.

Жарнама