"Қайсардың" капитаны командадан кетті

Сурет "Қайсар" сайтынан алынды.
«Қайсардың» капитаны Асхат Тағыберген қызылордалық клубтан келісімшарттың аяқталуына байланысты кетіп қалды.

Қазіргі уақытта жартылай қорғаушы еркін агент болып табылады және мансабын жалғастырудың бірнеше нұсқасын қарастыруда.

Тағыберген өткен маусымда 13 матч өткізіп, 4 гол соқты және осы маусымның символикалық құрамына кірді. Бұған дейін футболшы «Ақтөбе», «Тобыл» және «Астана» командаларында ойнаған.

"Қайсар" маусым қорытындысы бойынша 24 ұпаймен чемпионатта жетінші орынға ие болды.
Метки:
Жаңалықтар