"Қайсарды" жеңген "Тобыл" турнир кестесінің екінші сатысына көтерілді

Қостанайлық "Тобыл" командасы Қазақстан біріншілігінің 17-турында "Қайсар" командасынан үстем түсті,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кездесу бүгін, 3 қараша күні Алматы қаласындағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 3:0 есебімен қостанайлықтардың пайдасына аяқталды. 

Бұл кездесудегі голдардың барлығы екінші таймда соғылды. 53-минутта Сенин Себай бірінші голды соқты. 



Ал 58-минутта Жереми Манзорро есепті еселеді. 



Матчтың 77-минутында Самат Жарынбетов гол соғып, ойынға нүкте қойды. 



Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" командасы "Ордабасыны" жеңіп, чемпион атанған болатын. Ал бүгін "Тобыл" командасы 29 ұпай жинап, екінші орынға көтерілді. "Астана" командасының еншісінде 27 ұпай бар. Бірақ елордалықтар өз ойынын ертең өткізеді. 








Метки:
Жаңалықтар