"Қайсар" тоғызыншы жаңа футболшымен толықты
Биылфутболдан Қазақстан Премьер-лигасына қайта жолдама алған қызылордалық "Қайсар" трансферлік нарықта белсенді жұмыс істеп жатыр. Команда бүгін тоғызыншы жаңа футболшымен толықты, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қайсардың" кезекті жаңа футболшы АЗ Алкамаар клубының тәлімгері - Григори Нельсон. Клуб пен футболшы бір жылдық келісім-шарт жасаған.
28 жастағы нидерландылық жартылай қорғаушы бұған дейін Голландияның екінші дивизионында өнер көрсететін "Розендал" софияның ЦСКА, донецкінің "Металлург" сапында ойнаған. Футболшының соңғы клубы пловдивтік "Ботев" болған еді.
Айта кетейік, бұл "Қайсардың" биылғы маусымда сатып алған тоғызыншы жаңа ойыншысы. Қызылордалық клуб бұған дейін Мақсат Байжанов, Евгений Горячий, Ілияс Әмірсейтов, Валентин Чуреев, Антон Цырин, Дмитрий Евстигнеев, Джон Камара және Матиас Курьор секілді футболшылармен келісім-шарт жасаған болатын.
Жарнама