"Қайсар" "Шахтерді" жеңіп турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді

Александр Марочкин. Сурет "Қайсардың" сайтынан алынды.
Қызылордалық "Қайсар" қайта басталған Қазақстан біріншілігінде қарағандылық "Шахтер" командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшсі. 

Төртінші тур ойыны бүгін, 19 тамыз күні Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы академияда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Марочкин 67-минутта соқты. 

Бұл жеңістен кейін "Қайсар" командасы жеті ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Қызылордалық команда "Тобыл" мен "Астана" ұжымдарына қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіліп тұр. Ал "Шахтер" болса алты ұпаймен алтыншы орында. Турнир кестесінің көшін 12 ұпай жинаған "Қайрат" бастап тұр. 

Айта кетейік, төртінші тур "Қайрат" командасы 3:0 есебімен "Каспий" ұжымын, "Ордабасы" 3:2 есебімен "Жетісуды" жеңді. Ал "Тараз" және "Қызыл-Жар командалары 0:0 есебімен тең ойнады.

Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры 21 және 22 тамызда өтеді. 






Метки:
Жаңалықтар