Клуб онымен келісімшартты біржақты бұзды, содан кейін футболшы ФИФА-ның дауларды шешу палатасына жүгінді. Футбол органы хорваттың құқығын қорғап, "қасқырларға" Пешич алдындағы барлық қарызды төлеуді бұйырды. Егер шарт орындалмаса, клубқа "трансферлік тыйым" салынады.
Жаңа ойыншыларды тіркеу үшін "Қайсар" футболшыға 45 миллион теңге төлеуге мәжбүр болды. Ал клуб басшылығы ойыншылармен 3 айлық жалақыларын қайырымдылыққа жұмсауға келіскен.
Пешичтің қарызы дәл осы қаражат есебінен төленеді. Тағы бір айта кететін жайт, бұл клуб қабылдауға мәжбүр болған жалғыз шара емес: осы маусымда ойыншылар бонуссыз және премиясыз қалуы мүмкін.