"Қайсар" Литва құрамасының шабуылшысымен келісімшарт жасады

Каролис Лаукжемис. Сурет "Қайсар" сайтынан алынды.

Қызылордалық "Қайсар" командасы 28 жастағы Литва құрамасының шабуылшысы Каролис Лаукжемиспен келісімшарт жасады,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін шабуылшы литвалық "Атлантас", "Гранитас", "Судуву", хорватиялық "Истра 1961", словениялық "Табор" және мальталық "Хибернианс" командаларының намысын қорғаған. 

Клубтық деңгейде ол 200 кездесу өткізіп, 45 гол соққан. 

Өткен жылы Лаукжемис Литва құрамасы сапында Ұлттар лигасында Беларусь (2:2) құрамасына қарсы матчқа қатысқан. 

Метки:
Жаңалықтар