КПЛ
1 наурыз 2021 15:02

"Қайсар" командасы "Лионның" тәлімгерін қатарына қосты

Сурет "Қайсар" сайтынан алынды.

Сенегалдан шыққан франциялық футболшы Усман Н'Диайе алдағы маусымды қызылордалық "Қайсар" сапында өткізеді. Қорғаушы командамен бір жылдық келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

29 жастағы қорғаушы "Лион" командасының тәлімгері. Бірақ бұл ұжымның негізгі құрамында бірде бір кездесу өткізбеген. Франциялық "Арль-Авиньон", түркиялық "Османлыспор", "Генчлербирлиги", "Самсунспор" және молдовалық "Шериф" командаларында ойнаған. 

Transfermarkt ақпараты бойынша, бұл футболшының құны 400 мың еуро. 

Айта кетейік, "Қайсар" өткен маусымда ҚПЛ-де жетінші орын алды. Маусым соңында команданың бас бапкері Стоичо Младенов қызметінен кетті. Оның орнына 50 жастағы қазақстандық маман Сұлтан Әбілдаев келді. 

Жаңа маусымды "Қайсар" 14-наурызда бастайды. Бірінші ойынды қызылордалық команда "Таразға" қарсы өткізеді.