"Қайсар" "Қайратпен" кездесу алдында бас бапкерін ауыстырды

Сурет "Қайсар" сайтынан алынды.

Қазақстандық маман Ерлан Шойтымов қызылордалық "Қайсар" командасының уақытша бас бапкері ретінде тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.  

41 жастағы бапкер команданың жаттығу жұмыстарын өткізуде. Сонымен қатар ол ұжымның теориялық дайындықтарын да өз мойнына алған. Ал бұрынғы бас бапкер Сұлтан Әбілдаев болса тек команданың мүшесі ретінде ғана жүр. Жақын арада оны отставкаға жібереді деген әңгіме жүруде. 

Қазіргі уақытта "Қайсар" жаңа бас бапкер іздестіруде. Үміткерлердің қатарында өткен жылы "Шахтермен" ел біріншілігінде төртінші орын алған Константин Горовенко бар. 

Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда "Қайсар" командасының "Қайратқа" қарсы кездесуінде Шойтымов бас бапкер болады. Ойын 19:00-де басталады. 

Осы уақытқа дейін бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ "Байқоңыр" командасының бас бапкері болған. Футболшы кезінде "Қайсар", "Ақтөбе" және "Ордабасы" командаларының намысын қорғаған. 

Метки:
Жаңалықтар