Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы академияның стадионында өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 75-минутта грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе соқты.
Айта кетейік, бұл "Қайсардың" қатарынан екінші жеңісі болатын. Өткен турды Стойчо Младеновтің командасы Александр Марочкиннің соққан голының арқасында "Шахтерді" жеңген еді.
Осылайша "Қайсар" әзірге ел біріншілігінде жеңілмеген екінші команда атанып отыр. Биыл әлі жеңілмеген команданың екіншісі "Қайрат". Алматылық ұжым 15 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап келеді.