КПЛ
22 шілде 2020 10:46

"Қайсар" Еуропа лигасындағы ойындарына дайындалу үшін Шымкентке келді

Сурет "Қайсардың" сайтынан алынды.

"Қайсар" футбол клубы карантинге байланысты Қызылордада жаттығу жұмыстарын өткізе алмағаны үшін Шымкентке келді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Команда тамыз айында Еуропа лигасында ойнайды. Шымкентте "Қайсар" "БИІК" футбол академиясының базасында жаттығады. Жаттығу жұмыстары санитарлық режимнің талаптарына сай өтеді. 

Журналист Айдын Қожахметтің ақпараты бойынша, "Қайсарға" Қызылорда қаласында жаттығу жасауға қала әкімі рұқсат бермепті. Команда Қызылордаға қашан оралатыны белгісіз. 

Бұған дейін футболдан ел біріншілігінің ойындары Шымкент қаласында өтуі мүмкін деген ақпарат шыққан еді. ҚКФЛ басшылары Шымкент қаласының стадиондарын тексеріп шыққан болатын. Енді шешім жуық арада шығады. 

Айта кетейік, үш тур ғана өткен Қазақстан біріншілігі шілде айының басында қайта тоқтағантұғын. Оған себеп, еліміздегі эпидемиялық жағдай болды. Енді біріншілік 3 тамыз күні қайта жалғасуы мүмкін.