"Қайсар" екі футболшыны қатарына қосты


25 жастағы қорғаушы Тимур Рудосельский мен 26 жастағы қақпашы Александр Заруцкий "Қайсар" ойыншысы атанды.

Рудосельский 61-ші ойын нөмірін алды, ал Заруцкий 1-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.

Тимур Рудосельский - Алматы футбол мектебінің түлегі. 2014 жылы Премьер-лигада "Қайратпен" алғашқы дебютін өткізді. Сонымен қатар "Жетісу", "Оқжетпес" және Израильдің "Хапоэль Петах-Тиква" клубтарында ойнады. Жалпы, Қазақстан чемпионатында ол 59 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 1 голдық пас берген.

Александр Заруцкий бұған дейін"Шахтер", "Қызыл Жар", "Атырау" командаларында ойнаған. Александрдың соңғы клубы - павлодарлық "Ертіс", онда 7 ойын өткізіп, 6 гол жіберіп алды. Жалпы, ол Премьер-лигада 19 ойын өткізіп, 25 гол жіберіп алған екен.
Метки:
Жаңалықтар