"Каспий" командасы мен Арман Нүсіп екіжақты келісім бойынша келісімшартты бұзды. Бұл туралы ақтаулық команданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Футболшы карьерасын "Таразда" жалғастырады.
27 жастағы Нүсіп - Алматы футбол мектебінің тәлімгері. Ол "Цесна" және "Қайрат" командаларында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, "Қайсар", "Алтай" және "Ертіс" командаларының намысын қорғаған.
Айта кетейік, биылғы маусымда Нүсіп "Каспий" сапында Қазақстан біріншілігінде 13 ойынға қатысып, бір гол соғып, бір голдық пас берді.