"Қайраттың" шабуылшысы еуропалық клубқа ауысты
Шабуылшы Адеринсола Эсеола карьерасын "Ворксла" командасында жалғастырады. Бұл туралы "Қайраттың" баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Шабуылшы Адеринсола Эсеола карьерасын "Ворксла" командасында жалғастырады. Бұл туралы "Қайраттың" баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Екі тарап шабулшының украиналық клуб сапына ауысуына келіскен.
Бұл шабуылшы "Қайрат" сапында үш жыл өнер көрсетті. Алматылық ұжым сапына ол 2018 жылдың шілдесінде оралдық "Ақжайық" сапынан ауысып келді. 2019 жылы Эсеола Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені атанды. Ал араға бір жыл салып Қазақстан чемпионатында топ жарды.
Биыл футболшы Қазақстан біріншілігінде 11 матчқа қатысып, бас-аяғы 329 минут ойнап, гол соға алмады.
Ал өткен маусыды полтавалық "Ворскла" 14 орында аяқтаған.
Жарнама