КПЛ
28 қазан 2020 19:09

"Қайраттың" қырғызстандық жартылай қорғаушысы маусым соңына дейін ойнамауы мүмкін

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Қырғызстан құрамасы мен "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов ауыр жарақат алды.

Ол Қазақстан чемпионатының 14-туры аясында өткен "Қайрат" - «Каспий» матчында жарақат алып, алаңнан кеткен болатын. Ол 15-турдағы «Тобылға» қарсы ойынға шақырту алған жоқ. Расталмаған мәліметтер бойынша, ол маусым соңына дейін қатардан шығып қалды.

Айта кетейік, Гүлжігіт Алықұлов «Қайрат» сапында 2020 жылдың басынан бері өнер көрсетіп жүр.