28 жастағы "Қайрат" пен Армения құрамасының қорғаушысы Камо Оганесян карьерасын Еуропаның ең үздік біріншіліктерінің бірінде жалғастыру мүмкін, деп хабарлайды КazFootball.kz порталы.
Мұндай ақпаратты армениялық фотограф Грач Хачатрян өзінің Твиттер парақшасында жазды. Дәл осы азамат "Астана" командасының қорғаушысы Вараздат Арояянның" испаниялық "Кадис" сапына ауысатынын бірінші болып хабарлаған болатын. Сондықтан да оның ақпараттарына сенуге негіз бар.
Айта кетейік, Камо Оганесянның алматылық "Қайратпен" 2021 жылдың желтоқсан айына дейін келісімшарты бар. Биылғы маусымда қорғаушы Қазақстан біріншілігінде 13 кездесуге қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген.