"Қайраттың" капитаны "Ордабасыға" қарсы ойынға не үшін қатыспағаны анықталды

Алматылық "Қайраттың" капитаны Ғафуржан Сүйімбаев "Ордабасыға" қарсы ойынға ауырып қалуы себепті қатыса алмады, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет инстаграм парақшасында.

Дереккөздің мәлімдеуінше, капитан суық тигізіп, температурасының көтерілуіне байланысты алаңға шықпапты. Ал бүгін жаттығуларға кірісті, бірақ жалпы топтан бөлек. Ғафуржан келесі турдың матчына дейін сақадай сай болады деп күтілуде.

Сүйімбаев ағымдағы маусымда төрт ойынға қатысып үлгерді. Ал "Қайрат" 8 турдан кейін 15 ұпай еншілеп, үшінші сатыда келеді.

Метки:
Жаңалықтар