"Қайраттың" бұрынғы футболшысы Еуропадан жаңа клуб тауып алды

Хуан Филиппе. Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Алматылық "Қайраттың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Хуан Фелипе Паралимни қаласының "Эносис" командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Фелипенің жаңа командасы Кипрдің жоғары лигасында өнер көрсетеді. Келісімшарт нақты қалай жасалғаны белгісіз. Бірақ, қолда бар ақпарат бойынша, оның трансферлік құны 550 мың еуро. 

Еске салайық, Фелипе "Қайрат" сапында 2018 жылы өнер көрсетті. Жартылай қорғаушы алматылық клуб қатарында ҚПЛ-де 24 кездесуге қатысып, екі нәтижелі пас берген. Ал Еуропа лигасында алты кездесуге қатысқан. 

Алматылық ұжым футболшымен 1+1 жүйесі бойынша келісімшарт жасаған еді. Бірақ бір жылдан кейін клуб шартнаманы ұзартқан жоқ. 

"Қайрат" қатарынан кеткеннен соң бразилиялық футболшы македониялық "Вардар" және "Швендия" клубтарында ойнады. Жыл басында ол бразилиялық "Бангу" клубымен келісімге келген еді. 





Жаңалықтар